ALTAI MAI
ALTAI MAI ЖШС 2018 жылы Өскемен қаласында (Қазақстан Республикасы) тәулігіне 500 тонна майлы дақылдарды өңдеу қуаттылығымен май өндеу зауытын салу жобасын іске асыру мақсатында құрылған
Біздің стратегиямыз
Біз майлы дақылдар үшін толық циклді шешімдерді біріктіретін кешенді өндеу кластерін дамытып жатырмыз, бұл шығындарды азайтып, сапаны арттыруға мүмкіндік береді.
Өндірістік оператор ретінде біз технологияларды, инновацияларды және цифрлық сапа бақылауын енгізіп, фермерлер мен экспорттаушыларды біріктіреміз.
Біз ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекеге қабілетті өнім ұсынатын заманауи агроөнеркәсіптік топ құрудамыз
Біздің миссиямыз
Біздің миссиямыз – заманауи жабдықтар мен халықаралық стандарттарға сүйене отырып, майлы дақылдарды өңдеуге арналған тиімді, тік біріктірілген бизнес-модель құру.
Жоба тұрақты өндіріс пен негізгі нарықтарға экспортты қамтамасыз ететін көпсалалы май өндеу зауытын іске қосуға және дамытуға бағытталған.
Жоба тиімділікке, экологиялық жауапкершілікке және технологиялық өндіріске негізделген
Біздің мақсаттарымыз
Импортты алмастыру
Өнім экспортын арттыру
Жергілікті шикізатты пайдалану
Сату географиясын кеңейту
Жаңа жұмыс орындары
Мал азығы
Экологиялық таза отын
Экстракция
Рафинадталмаған өсімдік майын өндіру
Рафинация
Майды тазарту және тағамдық сапаға дейін өңдеу
Құю
Майды 1 л, 5 л және өнеркәсіптік ыдыстарға құю
Біздің стратегиялық басымдықтарымыз
Экономикалық даму
Импортты алмастыру
Экспортты ұлғайту
Сату географиясын кеңейту
Өңірлік даму
Жергілікті шикізатты пайдалану
Жаңа жұмыс орындары
Мал шаруашылығын қолдау (күнжара – мал азығы ретінде)
Экологиялық жауапкершілік
Қабықтан алынатын экологиялық таза отын
Қалдықсыз өндеу
Эмиссияларды азайту
География және орналасу артықшылықтары
Зауыт Өскемен қаласында,
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл – дамыған өнеркәсіптік және логистикалық инфрақұрылымы бар стратегиялық маңызды өңір.

Шикізат көздеріне жақындығы
500 км радиустағы өндірушілермен тікелей келісімшарттар
Экспорттық бағыттар
Қытайға, Орталық Азия елдеріне, Ресейге және теңіз порттарына шығу мүмкіндігі
Дамыған инфрақұрылым
Теміржол және автокөлік қатынасы, энергиямен қамтамасыз ету
Біз күнбағыс тұқымын сатып аламыз
Біз жыл бойы шектеусіз көлемде күнбағыс тұқымын сатып аламыз және оны май өндіруге пайдаланамыз.
Баға нарықтық жағдайға байланысты өзгеріп отырады, алайда тікелей жұмыс жасау, делдалдардың болмауы және тиімді шарттар біздің ұсынысты әрдайым тартымды етеді
Тұқым сапасына қойылатын талаптар
Ылғалдылығы: 8%
Қоспалар үлесі: 3%
Майлылығы: 46%
Жобаның қысқаша сипаттамасы
Өндірістік қуаттылық
Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 500 тонна күнбағыс тұқымын құрайды.
Технологиялық цикл жылына 338 жұмыс күніне есептелген.
Тәуліктік орташа өнім шығымы:
• Рафинадталмаған май — 220,9 тонна (45/8/3 есебі бойынша)
• Күнжара — 188,3 тонна
Қаржылық көрсеткіштер
NPV — 2 064 млн теңге
IRR — 18,39%
Дисконт мөлшерлемесі — 14,89%
Дисконтталған өтелу мерзімі — 5,29 жыл